
📍 6 қыркүйек 2025 жылы, сағат 17:00-де Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның Камералық залында көпшілік асыға күткен концерт өтті.

Бұл кеште Мемлекеттік трио «FORTE TRIO» (Тимур Урманчеев – фортепиано, Мұрат Нарбеков – виолончель, Максим Джусупов – скрипка) өнер көрсетті. Сонымен қатар, концертке арнайы қонақ ретінде белгілі альтшы Леонид Мысовский қатысты.
🎼 Бағдарламада әлемдік классикалық музыканың ұлы туындылары орындалды:
• Л. Бетховен – Трио ор.1 №1 Ми бемоль мажор
• В. Моцарт – Квартет №2 K493 Ми бемоль мажор

Залда жиналған көрермендерге веналық классиктердің әуені ерекше әсер қалдырды. Музыканттардың шеберлігі мен орындаушылық мәдениеті тыңдармандарды тәнті етіп, ұзақ қол шапалаққа бөледі.
Бұл концерт – филармонияның жаңа маусымдағы тыңдармандарға ұсынған жарқын музыкалық сыйы болды