Skip to main content

«Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония ұжымы Президент Жолдауын тыңдады»

 

Бүгін Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған 2025 жылғы Жолдауын тікелей эфирде тыңдады.

Президент Жолдауында ел дамуының стратегиялық бағыттары айқындалып, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени салалардағы маңызды міндеттер белгіленді.

Мемлекет басшысы мәдениет саласына да ерекше тоқталып:
“Өнер адамдары еліміздің мәдениетін, салт-дәстүрін шет елге паш етіп жүр. Бұл құрметке лайық жұмыс. Мәдениет қайраткерлеріне қолдау көрсетеміз. Бірақ, олар жаңа заман талабына сай бейімделіп жұмыс істеуі керек”, – деді.

Филармонияның шығармашылық және әкімшілік құрамы Жолдауда айтылған бастамаларды қолдай отырып, өнер арқылы еліміздің өркендеуіне үлес қосуға дайын екенін білдірді.