Skip to main content

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Қазақ операсының жауһарлары» концерті өтті

 

Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда ұлы ақын, ағартушы, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Қазақ операсының жауһарлары» атты концерт жоғары деңгейде өтті.

Кештің басты мақсаты – қазақтың классикалық музыкасын дәріптеу, ұлттық опера өнерінің үздік үлгілерін халыққа кеңінен таныту және Абай мұрасының мәңгілік құндылығын паш ету болды.

Концерт барысында қазақ опера өнерінің алтын қорына енген үздік шығармалар, сондай-ақ Абайдың поэзиясына негізделген ариялар мен музыкалық туындылар орындалды. Тыңдарман қауым қазақ музыкасының тереңдігі мен сыршылдығын сезініп, өнерпаздардың кәсіби шеберлігіне тәнті болды.

Залға жиналған көрермендер концерттен рухани күш-қуат алып, ұлы ақынның мұрасының қазіргі заман өнерімен үндестігіне куә болды.

Филармония ұжымы алдағы уақытта да ұлттық өнерімізді дәріптеп, халқымыздың рухани қазынасын насихаттауды жалғастыра бермек.