×
Басты бет Афишалар
Тарихы Басшылық Серіктестер Байланысу Вопросы противодействия коррупции Комплаенс-служба Құжаттар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері Комплаенс-служба
Ұжымдар Жетекшілер Дирижерлер Әртістер
Жаңалықтар Галерея
×
Іздеу нәтижесі
Басты бет / Афишалар /

06/07/2022

21:00

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ұлықпан Жолдасовтың шығармашылығы өте танымал: жанкүйерлер оның әндерінің ерекше лиризмі мен әуезділігін атап өтеді. Музыканттың бүкіл өмірі музыкамен байланысты, ал оның туындылары нәзік те бай рухани әлемнің, көңіл-күйдің, ойлар мен сезімдердің көрінісіне айналған. Ұлықпан Жолдасовтың әндерін Мақпал Жүнісова, Мәдина Сәдуақасова, «МузАРТ» «Нұр-Мұқасан» және басқа да қазақстандық эстрада жұлдыздары мен ұжымдары орындайды. «Махаббат маусымы» әні Алтынай Жорабаеваға Голливудтағы халықаралық байқауда бас жүлде алып берді.

6 шілде күні музыка сүйер қауым қазақстандық әндердің алтын қорын құрайтын Ұлықпан Жолдасовтың «Жайна», «Сен жаным», «Өмір-көктем», «Романтик», «Жұлдыздар», «Әдемім», «Білемін», «Сүйіктім», «Сенім», «Ұлы дала» және т.б. шығармаларын тыңдауға мүмкіндік алады.

Амфитеатр сахнасында атақты әнші әрі композитор Ұлықпан Жолдасов және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Өнербаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Алтынай Жорабаева, Қанат және Светлана Айтбаевтар, Арайлым Рахым, Естай Мұқашев, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Нұрбол Балапанов, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Зарина Омарова, Диана Май, Алтыншаш Мұқатаева, Ақбота Құснадин, Мұратбек Хайролда, Әйгерім Ораз, Әкімхан Маженов, Айдын Жұмабай, Парасат Отан, Гүлнұр Оразымбетова, Фарида Жолдасова және т.б. өнер көрсетеді. 

ДРУГИЕ АФИШИ