Skip to main content

Астанада «Өткен ғасырдың ретро әндері» атты концерт өтті

 

2025 жылғы 12 маусым күні Астана қаласының филармония концерт залында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Серік Токпановтың «Өткен ғасырдың ретро әндері» атты жеке концерті өтті.

Музыкалық кеште көрермендер ХХ ғасырдың алтын қорына енген танымал әндерді тыңдап, нағыз ретро атмосфераға бөленді.

Концертке қатысқандар:
- Симфониялық оркестр (көркемдік жетекшісі – ҚР Халық әртісі Абзал Мұхитдин)
- Бас дирижер – Қалқаман Дүсембаев («Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері)
- ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Қанат Ахметов
- Халықаралық байқаулардың лауреаты Зарина Бондакова

Залға жиналған көрерменге естен кетпес әсер сыйлаған бұл кеш – өткен мен бүгінді байланыстырып, ұлттық музыка мен мәдениетке деген сүйіспеншілікті арттырған тағылымды шара болды.