2025 жылғы 14 маусым күні Астана қаласының филармония концерт залында ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, композитор Балнұр Қыдырбектің 70 жас мерейтойына арналған "Өмір өнер – мейрамы" атты шығармашылық кеші өтті.

Кеш барысында композитордың әр жылдары жазылған таңдаулы шығармалары орындалып, ұлттық музыка мерекесіне айналды. Сахнада филармонияның Қазақ және Симфониялық оркестрлері, кәсіби дирижерлер мен өнер майталмандары, түрлі музыкалық жанрда өнер көрсететін солистер мен халықаралық қонақтар өнер көрсетті.

Кеш қонақтары қатарында ТМД және шет елдерден келген белгілі композиторлар мен орындаушылар болды. Концерт көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлап, жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастырылды.